Oңай, Жылдам, Дәл!

SUPREMA бағдарламалық жасақтамасы жер қойнауын пайдаланушыларға ұңғыманы жоспарлауға, бұрғылау кезіндегі тәуекелділікті  азайтуға және бұрғылау қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.

Барлық жағдайларда!

SUPREMA ұңғымаларды жоспарлау және бұрғылау технологиясы үшін 6 модульді қамтиды.

cement

Шегендік құбырларды цементтеу

Цементтеу кезінде буферлік сұйықтық, цемент ерітіндісі, нығыздау сұйықтығы секілді айдалатын сұйықтардың көлемін нақты есептеуге мүмкіндік береді.

leak

Қысымның гидравликалық шығындары

Бұрғылау кезіндегі бұрғылау колоннасының түрлі компоненттерінде қысым шығындарын есептеу үшін бұрғылау құбырларында, ауырлатылған бұрғылау құбырларында, қашауда, сонымен қатар колоннаның сыртында қолданылады. Қашаудағы қысым шығынының айналым  жүйесіндегі жалпы шығындарға катынасы бұрғылау сорабындағы ағын  мен қысымды оңтайландыру үшін маңызды көрсеткіш болып табылады.

meter

Ұңғыма ағысының шекті көлемі

Ұңғыманың әрбір секциясын бұрғылау кезіндегі ұңғыма ағысының шекті  көлемін анықтау ұңғыманы басқаруға жатады. Шегендік құбырлардың  астындағы қабаттың гидрожыртылысын болдырмау үшін және ұңғымадан құйылған флюид көлемін  қауіпсіз айдау үшін жүргізіледі, сонымен қатар аталған көрсеткіш ұңғыма конструкциясын жасауда қолданылады, себебі шегендік құбырлардың  оңтайлы түсіру тереңдігін айқындап тұрады.

drilling

Қысып ұстау нүктесін анықтау

Бұрғылау колоннасы ұңғыманың ішінде қысылып  қалған жағдайда колоннаның бос жатқан бөлшегін қажет жерінде босату үшін ұстау  нүктесін табу қажет. Аталған модуль тарапынан жүргізілген есептер нәтижесінде колоннаның бос жатқан бөлшегі анықталады.

beam

Ұңғыма конструкциясы модулі

Ұңғыманың оңтайлы конструкциясын дайындау үшін қолданылады. Оған шегендік құбырлар  үшін дұрыс болат маркасы мен шеген құбырларының салмағын және олардың шекті  түсіру тереңдігін таңдау жатады. Аталған модульде шегендік құбырларға  түрлі жағдайларда, мәселен ұңғыманы бұрғылау кезінде де, өндіру, пайдалану кезінде де түсуі мүмкін күш түрлері қарастырылады. Нәтижелер пайдаланушы енгізген коэффициентімен салыстырылады. Ұңғыманың дұрыс конструкциясын таңдау қауіпсіз бұрғылау және ұңғыманы пайдалану үшін негізгі фактор болып табылады.

monitoring

Ұңғыманы бұрғылаудың есептік кестесі

Бұрғылау, ұңғыманы бекіту, геофизикалық зерттеулер және т.б. секілді ұңғыманы құрастырудың түрлі кезеңдерінің ұзақтығын есептейді. Нәтижесінде ұңғыманы бұрғылаудың жалпы ұзақтығы шығарылып, «Тереңдік-Уақыт» кестесі сызылады. Ұңғыманы бұрғылау ұзақтығын анықтау жер қойнауын пайдаланушы операцияларын жоспарлауға, сонымен қатар ұңғыманың бюджетін құрастыруға көмегін тигізеді, себебі көптеген қызмет түрлері күндік мөлшерлеме  бойынша сатып алынады.

Отандық және шетелдік клиенттер үшін

SUPREMA-ның орыс немесе ағылшын тілін таңдау мүмкіндігі бар.

SUPREMA-да рұқсатсыз  қолданудан қорғаныс жүйесі бар.

Сізді қызықтырдыңыз ба? Күмәнсіз бе?

Арнайы ұсыныс

“SUPREMA” жер қойнауын пайдаланушылардың тәуекелділігін бағалау және жоспарлау бағдарламасын арнайы бағамен алуға байланысыңыз!