Қызметтер

Біздің қызметкерлеріміз бен кеңесшілеріміз – мұнай өндірісі мен ғылымның түрлі саласындағы сарапшылар, жер қойнауын пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары білікті мамандар.

Қызметтер

boring-machine
Жер қойнауын пайдалану

Жалпы консультациялар мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңесші қызметі. Жер қойнауын пайдалану нысандарын басқаруды ұйымдастыру қызметі. Көбірек…

driller
Ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу

Жалпы консультациялар мен бұрғылау бойынша кеңесші қызметтері. Бұрғылау операцияларын, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау, монтаждау жоспарларын жақсарту және ұсыныс беру. Көбірек…

growth
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық мәселелерді шешу және экологиялық заңнаманың барлық талаптарына сай болу – мемлекеттің экономикалық дамуымен бір қатарда тұрған мәселе. Көбірек…

projectmanagement
Жобаларды басқару

Жалпы консультациялар мен кеңесшінің қызметтері. Бұрғылау және дайындық жұмыстары, құрылыс және геодезиялық ізденушілерді қамтамасыз етуді қоса алғанда, жобаны толық басқару. Көбірек…

innovation
Инженерлік Әзірлемелер

Шеген құбырларға арналған тендерлік талаптар бойынша ұсыныстар беру үшін бағдарламалық жасақтама қолдана отырып, тапсырыс берушіге ұңғыма конструкциясын дайындау. Көбірек…

maintenance
Қондырғыларды бағалау және жабдықты таңдау

Бұрғылау қондырғысының техникалық сипаттамаларын әзірлеу, алдын-ала тексеру және жүйелерді сынау. Көбірек…

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ

  • Жалпы консультациялар мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңесші қызметі
  • Жер қойнауын пайдалану нысандарын басқаруды ұйымдастыру қызметі
  • Жергілікті заңдар мен ережелерге сәйкес операциялар жүргізуге көмектесу
  • Бағдарламалық модульдерді қолдана отырып жобалау
  • Мұнай операцияларының сапасын бақылау мен оңтайландыру
  • Тәуелсіз компания ретінде жобаларды орындау барысы туралы есеп және обьективті мониторинг жүргізу
  • Тендерлік құжаттарды дайындау мен ұсыныстарды бағалауға көмек көрсету.

ҰҢҒЫМАЛАРДЫ БҰРҒЫЛАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

  • Жалпы консультациялар мен бұрғылау бойынша кеңесші қызметтері
  • Жұмыс үдерісіне ішкі аудит жүргізу
  • Бұрғылау қондырғысын басқаруды жақсарту және халықаралық компаниялардың озық тәжірибесін енгізу
  • Бұрғылау операцияларын, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау, монтаждау жоспарларын жақсарту және ұсыныс беру
  • Бұрғылау қондырғылары мен жинақтама жабдығының заманауи сипаттарын таңдау
  • Жаңа жабдықты қосу, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты қызметтер
  • Материалдық база мен қойманы тиімді басқару
  • Заманауи бұрғылау қондырғыларының жабдықтарын күту стандарттарын арттыру және соған қатысты ұсыныстар
  • Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған орта қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарын арттыруға қатысты ұсыныстар.

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық мәселелерді шешу және экологиялық заңнаманың барлық талаптарына сай болу – мемлекеттің экономикалық дамуымен бір қатарда тұрған мәселе.

  • Ресурстарды игерудің толыққанды жүйесін қолдану тұрғысынан табиғи энергетикалық қорларды пайдалану шаралары кезінде экология мәселелері бойынша терең білім мен техникалық, коммерциялық амалдарды біріктіре отырып, қоршаған ортаны қорғаудың түрлі түйіткілдері бойынша қолдау және оған кеңес беру;
  • Экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу мен енгізуге қатысты сараптамалық бағалау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Тапсырыс беруші талаптарын ескере отырып, Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау (ДЕҚОҚ) саласында стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу;
  • Қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау (ҚОӘБ) бойынша жұмыстарды жоспарлау және үйлестіру;
  • Экологиялық рұқсатнама дайындау;
  • Экологиялық менеджмент және жобалау жоспарлары;
  • Экологиялық зерттеулер мен бағалау;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тренингтер;
  • Конкурстық ұсыныстар мен тендерлер әзірлеуде көмек көрсету;
  • Тапсырыс беруші мен қадағалаушы органдардың өзара әрекеттеріне көмек көрсету;
  • Жобалаудың түрлі кезеңіндегі әлеуметтік және экологиялық менеджмент жоспарларын дайындау, оларды орындау және тексеру;
  • Кешенді тексерістер, аудит жүргізу және ұсыныстар беру.
  • Тәжікстан заңдарын, экология және өндірістік қауіпсіздік, сонымен қатар заң және әлеуметтік ережелерін зерделеу. (Тапсырыс берушіге, халықаралық компанияға бес том EHS (есептер) дайындалды .)
  • Тапсырыс беруші үшін Қазақстан заңнамасы мен ережелеріне сәйкес Қауіпсіздік Техника бойынша құжаттар пакетін дайындау.

ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ

  • Жалпы консультациялар мен кеңесшінің қызметтері
  • Маңғыстау облысында тереңдігі 5200 м және 4000 м болатын барлау ұңғымаларын бұрғылау жобасын дайындау. Оған рұқсат алу, бөлінген жер телімі, бұрғылау жобалары мен алаңдардың құрылысы, сонымен қатар ұзақ мерзімді жеткізілетін материалдарға тендерлік құжаттама дайындау.
  • Тәжікстандағы оператор үшін алаң және жол салу құрылысы бойынша тендерлік құжаттама пакетін әзірлеу .
  • Күндік операциялық ставка бойынша бұрғылау келісім-шартын тексеріп, тапсырыс берушіге қабылданған халықаралық тәжірибеге сәйкес ұсыныстармен бірге есеп дайындау .
  • DISCOVERY (ҰБ) және ЖІГЕРМҰНАЙСЕРВИС (Қазақстан) арасында жаңадан қалыптасқан серіктестік үшін ТМД және пост-кеңестік елдерге арналған API 4F стандартына сәйкес, Қазақстан, Атырау қаласындағы базасында бұрғылау қондырғылары мен жабдықтарды жасау жөніндегі пилоттық жоба.
  • Екі ұңғыманы қайта іске қосу жөніндегі бағдарлама дайындау және оны сәтті орындау. Нысанға екі супервайзер ұсыну қызметі.
  • Жырақта Каспий суы басқан учаскелерде екі бұрғылау алаңы мен кірме жолдар құрылысының сапасын бақылау (супервайзерлер) және оларды тапсырыс берушіге ойдағыдай тапсыру.
  • Австралиялық тапсырыс беруші үшін Тәжікстандағы Куджант қаласына барып, потенциалды мердігерлерді, нысандарды, қойма жайларын жалға алуды, қол жетімді теміржол тұйығын, сонымен қатар кеден бекеттеріне инспекция жүргізу және баға беру.
  • NOV, Bentec, Drillmec, Bauer Machinen, DSI Incorporated, American Auger/GEFCO, Discovery және басқа батыстың ірі өндірушілері арасында 750 ат күші мен 2000 ат күшіне тең бүрғылау қондырғылары үшін дайындалған айрықша сипаттамалары бойынша тендер өткізу. Тендерлік ұсыныстарды алу. Техникалық және коммерциялық бағалау мен тапсырыс берушіге қорытынды есеп ұсыну.
  • American Auger компаниясымен 1000 ат күшіне тең гидравликалық бұрғылау қондырғысын сатып алу келісім-шартын зерттеу. Бұған тапсырыс берушінің сұранысы бойынша American Auger базасы мен жергілікті америкалық нарыққа жеткізілген бұрғылау қондырғыларын аралау үшін АҚШ-қа тексеріс сапары .
  • Маңғыстау облысындағы мұнай кен орнының операторы үшін жер қойнауын пайдалану бойынша жалпы консультациялар мен кеңесші қызметін көрсету.
  • Жергілікті ҒЗЖИ жобалау институты әзірлеген бұрғылау жобасына аудит жүргізу және ұсыныстар беру.
  • Тапсырыс берушіге 2000 ат күшіне тең бұрғылау қондырғысы қызметтері үшін тендерлік құжаттама пакетін дайындау және ұсыну.
  • Атырау облысындағы барлау блогының операторы үшін жер қойнауын пайдалану бойынша жалпы консультациялар мен кеңесші қызметі.
  • Лондон қаласындағы тапсырыс беруші үшін Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан барлау ұңғысын бұрғылау жобасын сәтті ұйымдастыру, басқару. ( Қызмет түрлерінің қатарына бұрғылауды және мұнай операцияларын тікелей іске асыруды басқару, аталған жобаның барлық қызмет көрсетушілерін Алматы қаласынан басқару, сондай-ақ нысанда бұрғылау супервайзері қызметін ұсыну кіреді.)
  • Тәжікстанда орналасқан барлау блогының операторы үшін жер қойнауын пайдалану бойынша жалпы консультациялар және кеңесшінің қызметі.
  • Қысқа мерзімде Душанбе (Тәжікстан) қаласында мекеменің бөлімшесін ашу, Тәжікстан ІІМ мен көші-қон бөлімінен австралиялық тапсырыс берушіге Тәжікстанда жұмыс жасайтын шетелдіктер үшін 25 адамға жұмыс жасау рұқсатнамасын алу. Сол келісім-шарт аясында австралиялық тапсырыс берушінің ЗД сейсмо-барлау жұмыстарын бақылау үшін сейсмо-барлау супервайзерін ұсыну.
  • Маңғыстау облысының Жетібай алаңында жаңа бұрғылау жобасына дайындалып жатқан оператор үшін тендерлік және ілеспе келісім-шарт құжаттамасының толық пакетін әзірлеу. Тапсырыс берушінің аталған алаңындағы ұңғымасында жөндеу және аулау жұмыстарын жоспарлау және басқару.
  • Алматы қаласында орналасқан және Маңғыстау мен Атырау облыстарының шекарасында нысандары бар жер қойнауын пайдаланушы үшін жобаны толығымен басқару. (соның ішінде бұрғылау және басқа да өндіріс жұмыстары). Екі барлау ұңғымасын (әрқайсысы 3800 м) бұрғылауға арналған екі бұрғылау қондырғысын таңдау және келісім-шарт жасау.
  • Ықтимал инвестор үшін жаңа мұнайгаз активтеріне баға беру: Қызылорда облысында екі таяз кен орны және Атырау облысында бір кен орны. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа баға беру, барлық қолжетімді ақпаратты, бұрғылау есептерін жинау, бар өндіріс пен ЗД сейсмика бойынша қолжетімді деректерге геологиялық тұрғыдан баға беру. Жергілікті заңгерлік компаниямен бірге заңгерлік тексеріс жүргізу және тиісті ұсыныстармен есеп ұсыну.
  • Қор биржасы және Торонто биржасындағы инвесторлар үшін нұсқаулардың потенциялдығына баға беретін халықаралық инвесторлардың сұранысымен, Маңғыстау облысындағы екі бөлек кен орнының және Атырау облысындағы бір кен орнының инфрақұрылымын инспекциялау.
  • Маңғыстау облысындағы ірі операторға, толық өндірістік пайдалануға дайындықтың бөлшегі ретінде, құрылыс және зерттеу қызметкерін ұсыну.
  • USAID және Дүниежүзілік Банк қаржыландырып отырған жоба аясында Ауғанстанның солтүстік-шығыс бөлігінде ТМД жергілікті жеткізу тораптарын тексеру және іске қосу, соның ішінде Дубай қаласында өндірушімен бірге жабдықтарға қолданыс алдында аудит жүргізу.
  • Атырау қаласындағы жергілікті қазақстандық бұрғылау мердігеріне жоспарланған бұрғылау жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жетілдіру және бұрғылау бригадасының жұмыс деңгейін көтеру үшін, екі тілде RMS (бұрғылау қондырғысын басқару жүйесі) әзірлеу.
  • Үшінші тараптың операциялары үшін бұрғылау бригадасын басқару.

Инженерлік әзірлемелер

  • Бағдарламалық жасақтама қолдана отырып, Тапсырыс беруші үшін 4500 м ұңғыманың конструкциясы мен 750 атм. ұңғы саға  жабдығының  инженерлік есептемелері. Тендер өткізуге арналған ұсыныстармен бірге есеп дайындалған.
  • Тәжікстандағы Қайраққұм аймағы үшін бағдарламалық жасақтама қолдана отырып, ұңғы саға  жабдығы  пен ұңғыма конструкциясының ерекшеліктерін зерделеу .
  • Инженерлік есептемелерді жасау үшін өзіміздің “SUPREMA” компьютерлік бағдарламамызды дайындау.
  • Шеген құбырларға арналған тендерлік талаптар бойынша ұсыныстар беру үшін бағдарламалық жасақтама қолдана отырып, тапсырыс берушіге ұңғыма конструкциясын дайындау.
  • H2S және CO2 жоғары құрамы бар барлау ұңғымасы үшін 10,000 psi ауыз жабдығының ерекшлеліктерін зерделеу .
  • Тапсырыс берушіге H2S и CO2-нің жоғары құрамы бар 4500 м ұңғыманы бұрғылау бағдарламасын дайындау және ұсыну. Бұған бұрғылау ерітіндісі, цементтеу бойынша бағдарлама, шеген бағананы түсіру және т.б. іс-шаралар  жатады.
  • Атырау облысындағы терең ұңғыманың (7200м) конструкциясын дайындау, соның ішінде Мексика шығанағы мен Бразилия қайраңындағы тұзасты терең ұңғымалардың бұрғылауына арналған семинарға қатысатын басқа операторлардың оң тәжірибесі мен алынған қорытындыларымен танысу үшін Бразилияда (Рио) өткен IADC/SPE конференциясында тапсырыс берушінің мүддесіне өкілдік ету. Ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау операциялары жөнінде ақыл-кеңес беру.

Қондырғыларды бағалау және жабдықты таңдау

  • Тапсырыс беруші, бұрғылау мердігері үшін 2500 ат күшіне тең  бұрғылау қондырғысына айрықша сипаттама әзірлеу.  Бұған Украинаның Киев және Стрый қалаларына жол жүру және тұжырымдамалық  талқылаулар жасау кіреді .
  • Монтаждау мүмкіндігін  арттыру және бұрғылау қондырғының алатын орнын азайту үшін TESCO жоғарғы жетегі мен трейлерді монтаждай отырып,  HRI-700 бұрғылау қондырғысын модернизациялау бағдарламасын дайындау .
  • Өзбекстан және Қазақстан аумағындағы 2000 ат күшіне тең үш бұрғылау қондырғысына, тапсырыс беруші үшін сәйкес есептер мен ұсыныстар бере отырып техникалық инспекция жүргізу
  • Конго қайраңындағы ірі халықаралық тапсырыс беруші үшін терең суасты жартылай батып тұратын бұрғылау қондырғысының жүйесін комиссияалды инспекциялау және сынау, Анголада 2 жылдық жобада қолдану үшін бұрғылау қондырғысын дайындау. Бұрғылау қондырғысы бұрғылауға еш тоқтаусыз, сәтті қосылды.
  • Алматы қаласындағы  және Маңғыстау облысының Өзен аумағында өндірісі бар тапсырыс беруші үшін “Шеф-Монтаж” (сынақ монтажы) кезіндегі бұрғылау қондырғысын келісім-алды инспекция жасау. Тапсырыс берушінің бұрғылау жобасына арналған бұрғылау қондырғысының жағдайы мен дайындығы туралы жазбаша есеп беру. Бұрғылау қондырғысының төрт пайдаланылмалы ұңғымаларын бұрғылау жұмысын бастағаннан кейін, тапсырыс берушіге бұрғылауды басқару және жүргізу жөнінде қолдау көрсетуді жалғастыру.
  • Қырғызстанның оңтүстік-шығыс шалғайындағы тапсырыс берушіге  2500 м ұңғыманы толықтай бұрғылап беру жобасына арналған бұрғылау қондырғысы мен жабдықтарына инспекция жасау және есеп беру үшін жол жүру.